А. Б. Алтынбаева Ғылыми жетекші



бет7/26
Дата09.06.2023
өлшемі212,54 Kb.
#99974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Зерттеудің дерек көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2021-2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқыту мәселелері бойынша нормативтік құжаттары, инклюзивті оқыту мәселелері қарастырылған халықаралық құжаттар; инклюзивті оқытудың шетелдік озық тәжірибесі; Отандық мектептерде инклюзивті оқытудың инновациялық іс-тәжірибесі; зерттеліп отырған мәселеге байланысты психологтар, педагогтар, дефектологтар, әдіскерлердің еңбектері.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдау; педагогикалық бақылау; анкеталау; тестілеу; мұғалімдер және оқушылармен әңгімелесу; педагогикалық консилиум; сараптамалық бағалау; құжаттарді зерделеу және талдау; педагогикалық эксперимент; зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
бастпуыш сыныптағы инклюзивті оқыту» ұғымының мәні нақтыланып, мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері анықталды;
- бастауыш мектептерде инклюзивті оқытудың теориялық құрылымы жасалынды және негізделді;
- бастауыш мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық шарттары анықталды және негізделді;
- бастауыш сыныпта дамуында ауытқылары бар балаларды инклюзивті оқытудың әдістемесі жасалынды және оның тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік тұрғыда тексерілді.
Зeрттeудің прaктикaлық мaңыздылығы: зeрттeу жұмыcын жүргізу бaрыcындa қoл жeткізілгeн ғылыми жәнe прaктикaлық нeгізгі нәтижeлeрі aрнaйы курc пeн aрнaйы әзірлeнгeн oқу бaғдaрлaмacындa жүзeгe acырылды. Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім бeруді ұйымдастыру мақсатында жасалынған әдістемелер мен сауалнама, анкета, тест материалдарын ЖОО студенттері мен магистранттар, докторанттар, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасайтын арнайы мекемелер, бастауыш сынып мұғалімдері қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©www.emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет