А. Б. Алтынбаева Ғылыми жетекші



бет6/26
Дата09.06.2023
өлшемі212,54 Kb.
#99974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық алғышарттарын айқындау.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: Бастауыш сыныпта ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту.
Ғылыми болжамы: егерде Бастауыш мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіре оқытудың педагогикалық ерекшеліктері анықталып, оның негізінде инклюзивті оқытудың педагогикалық шарттары айқындалса және әдістемесі жасалынса, онда дамуында ауытқылары бар оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту жоғары сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені мүмкіндігі шектеулі балалардың арнаулы білімдік қажеттіліктерін толық ескере оқыту және тәрбиелеуге, оларды бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіруге қажетті және жеткілікті жағдайлар жасалынады.
Зерттеудің міндеттері:
1. «Инклюзивті оқыту» ұғымының мәнін нақтылау, бастауыш мектепте инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктерін айқындау.
2. Бастауыш сыныптарда инклюзивті оқытуды теориялық тұрғыдан негіздеу;
3. Бастауыш сыныптарда мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық шарттарын анықтау.
4. Бастауыш сыныпта дамуында ауытқулар бар балаларды инклюзивті оқытудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жалпы бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісіне кіріктірудің жоғары нәтижелеріне дамуында ауытқулары бар балалардың арнайы білімдік қажеттіліктерін ескере таңданылған инклюзивті оқытудың үлгісі, оның тиімділігінің педагогикалық шарттары негізінде жасалынған әдістемені пайдалану жолымен қол жеткізу мүмкін.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін таным, жеке тұлға және іс-әрекет теориялары, гумандық педагогиканың тұжырымдамалық негіздері; «инклюзивті оқыту», «интегративті оқыту» ұғымдарының мәнін философиялық, психологиялық-педагогикалық аспектілерде ашып көрсететін теориялық ережелер; инклюзивті оқытудың теориялары мен тұжырымдамалары (Л.С.Выготский, Н.Н.Малофеев, Н.М.Назарова, Н.Д.Шматко, Р.А. Сулейменова, А.К Жалмухамедова т.б.); жүйелік, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлылық тәсілдерді жүзеге асырудың теориялық негіздері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет