А. Б. Алтынбаева Ғылыми жетекші


Белгілемелер мен қысқартулар



бет5/26
Дата09.06.2023
өлшемі212,54 Kb.
#99974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Белгілемелер мен қысқартулар


МЖББС – Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ТЖБ – тоқсандық жиынтық бағалау
БЖБ – бөлім бойынша жиынтық бағалау
БК - бағалау критерийлері
ЭТ-эксперименттік топ
БТ-бақылау тобы
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан қоғамының қазіргі даму кезеңінде мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуының құдіретті факторы ретінде білім беру жүйесін модернизациялауға ерекше назар аударылып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда денсауылығы шектеулі балалар да басқа барлық оқушылар сияқты сапалы, әлеуметтік бейімделуге, қоғамда өз орынын табуға толық жағдай жасайтын білім алуға тиісті екендігін ерекше айту қажет. Арнайы білім беру мекемелеріндегі жағдайлар мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан, әллеуметтік ортадан бөлектеніп қалуына әкеліп отыр. Олардың қоғамның басқа бөлігі мен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері өте аз [1].
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2021-2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті оқыту білім жүйесін дамытудың ең бір өзекті бағыттары қатарынан орын алып отыр. Бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балалардың санының ұлғайғандығы, 2012 жылы олардың саны 124 мың құраса, 2022 жылы 169 246 мыңды құрағыны, олардың 38% - ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылғаны жазылған. Алға қойған мақсаттарға жету үшін міндеттерді орындау қажеттілігі қатарында жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді жетілдіру көрсетілген. Сондай- ақ барлық өңірлерде ерте жастағы балаларға түзету - педагогикалық қолдау көрсету үшін және инклюзивті білім беру кабинеттері құрылатыны, мектептер үлесі жалпы санына 10 % - дан 70 % -ға дейін артатыны көрсетілген [2].
Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп, оларды дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде қалыпты дамыған оқушылармен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналды.
Инклюзия – бұл балалардың жынысына, этникалық және діни құрамына, бұрынғы оқудағы жетістіктеріне, денсаулығының жағдайына, жетілу деңгейіне, ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық дәрежесіне және т.б. өзгешеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру барысында балаларды интегралды түрде оқыту процесі. Инклюзивті білім беру барлық балалардың түрлі қажеттіліктері үшін тиісті оқу кеңістіктерін құру негізінде сапалы білім алуға қол жеткізуге және бірігіп оқытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру – бұл бала және оның әртүрлі білім алу барысындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етудің шешімі.
Әлемнің дамыған елдерінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен қосып оқытуға көп көңіл бөлінеді және бұл салада елеулі тәжірибелер жинақталған. Біздің отандық жалпы білім беретін мектептің іс – тәжірибесі үшін инклюзивті оқыту әлі күнге дейін педагогикалық жаңашылдық деп бағалануы мүмкін. Себебі мәселенің жаңалығы қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің іс – тәжірибесінде инклюзивті оқыту жан-жақты зерттеуді талап етеді.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мәселелері педагогикалық ойлармен, мектептің дамуы тарихында жаңа мәселе емес. Өз кезінде белгілі педагогтар мен психологтар И.Г.Песталоцци [3], Л.С.Выготский [4] т.б. еңбектері мен педагогикалық іс-тәжірибесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған балалармен бірге оқытудың білімдік және тәрбиелік рөліне көп мән берілген.
Соңғы он жылдықтарда шетелдік педагогикамен білім тәжірибесінде инклюзивті оқыту мәселелері педагогикалық жұртшылықтың назарынан кең орын алып отыр. ЮНЕСКО инклюзияны оқушылардың сан алуандығына және балалардың жеке басындағы ерекшеліктер проблема емес, керісінше білімін байытуға мүмкіндік ретінде қарауға жағымды әрекет етеді деп санайды. Мүмкінділігі шектеулі тұлғалар қоғамның басқа да мүшелері сияқты білім алуға, өмір сүруге, жергілікті жерде жұмыс жасауға, өз үйінде тұруға, достарын таңдауға және олармен дос болуға, қоғамға сай қажетті адам болуына толық құқығы бар. Сондықтан да оларға мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетілуі қажет.
Ғаламдық педагогика және психологияда инклюзивті оқыту мәселелері көптеген ғалымдар тарапынан зерттелінген. Атап айтқанда, жақын және алыс шетелдік ғалымдар Hinz A. [5], К. Эвербейн [6], У. Хеймлич [7], С. Майлз [8], Эйнссов Митколл [9 ], М. Ж Коутинчо мен A.C. Рипп [10], Н. Форман мен А. Пратен [11], В.П. Гудонис [12] т.б. еңбектерінде инклюзивті оқытудың проблемалары теориялық тұрғыдан қарастырылған.
Соңғы жылдары Ресей ғалымдары С.Г.Шевченко [13], Д.ВЛернер [14], Н.Н Малофеев [15], Н.Д. Шматко [16], А.А.Дмитриев [17], Ф.Л Ратнер мен А.Ю.Юсупова [18], И.Н.Хафизуллина [19], Н.М. Назарованың [20] зерттеу жұмыстарында инклюзивті оқытудың көптеген аспектілері ашылып көрсетілген.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында күрделі әлеуметтік-саяси өзгерістерге тәуелді мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету, бүкіл әлемдегі беталысқа сәйкес келтіру шаралары басталуда.
Қазақстандық ғалымдар Р.А. Сулейменова [21], А.К Жалмухамедова мен [22], А.Т. Баймуратова [23], Г.Д Хакимжанова [24], А.А.Айдарбекова [25], А.М. Рахимжанов [26], С.А.Алейникова мен М.М. Маркович [27],А.А. Байтұрсынованың[28] зерттеу жұмыстарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудың кейбір мәселелері қарастырылған.
Инклюзивті оқыту қазақстандық білім беру жүйесінде соңғы онжылдықта енгізіле бастаған жаңашыл идея болып табылады. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған құрдастарымен мектепте қосып оқытудың маңыздылығы, қажеттігін және тиімділігін педагогикалық жұртшылық мойындай бастады. Дегенмен, инклюзивті оқыту отандық бастауыш мектеп тәжірибесі үшін әлі жан жақты зерттеле қоймаған үдеріс болғандықтан оны іске асырумен байланысты көптеген психология – педагогикалық, ұйымдастырушылық проблемалар туындайды. Сол себепті осы саладағы дамыған елдер тәжірибесін зерделеу және одан қазақстандық жалпы білім беру жүйесінде шығармашылықпен пайдаланудың жолдарын анықтау үлкен ғылыми теориялық және практикалық маңызға ие.
Сондықтан, арнайы білімнің өзекті мәселелерінің бірі - арнайы мекемелердің санын көбейту емес, сол мекемелердегі білім беру қызметінің сапасын көтеру, жетілдіру. Бұл деген, әлемдегі білім беру саясатымен ұштасады, яғни, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне біріктіруге кеңінен жол ашады.
Алайда бастауыш мектептерде инклюзивті оқытудың көптеген проблемалары теориялық, методологиялық тұрғыдан да толық шешімін таппаған. Сондықтан қазіргі таңда бастауыш мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың қажеттілігі мен оның педагогикалық ерекшеліктерінің айқындалмағандығы, оқыту технологиясының толыққанды жасалмағандығы қарама – қайшылықты туындатады. Бұл қарама – қайшылық “бастауыш мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудың педагогикалық ерекшеліктері неде?» деген проблеманы тұжырымдауға мүмкіндік жасайды. Сонымен, зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігі, ғылыми-практикалық мәнділігі, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Ерекше білім беруді қажет ететін бастауыш сынып оқушыларын оқытудың педагогикалық шарттары» деп алуға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет