Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Жалаушаға қарай жүгір" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)



бет8/14
Дата05.06.2023
өлшемі31,74 Kb.
#98797
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
"Жалаушаға қарай жүгір" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: педагогтің белгісі бойынша ғана әрекет етуге үйрету, зейінін, түстерді ажырата білу қабілеттерін дамыту. Жүру және жүгіруде жаттықтыру.
"Тауық пен балапандары" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: балаларда белгі бойынша қимылдар жасау қабілеттерін дамыту, әр түрлі бағытта жүгіруде және жорғалап кіре білуге жаттықтыру.
Далаға алып шығатын материалмен ойындар.
Мақсат-міндеттер: балаларды өз бетінше ойынға қажетті атрибуттарды іріктеп, таңдап алуға үйрету.
Алып шығатын материалдар: күректер, сыпырғыштар, қалақшалар, қалыптар, зембілдер, қарындаштар мен қағаз парақтары.
"Көлшік" сумен ойналатын ойындар. (шығармашылық дағдылар)
Сумен ойын әрекетін ұйымдастыру үшін поролоннан жасалынған ысқыштар (губка), суқұйғыштар, пластик тегештер, қақпақтар, шыныаяқтар, алжапқыштар, сүлгілер дайындау. Бұл әрекет үшін ысқыш қажет, біреуі сумен, екіншісі бос екі тегеш. Педагог балаларды ысқышты (губканы) суға батырып, содан кейін бос тегенеге сығып алуға шақырады. Бұл әрекетті суы бар тегештің суы таусылғанға дейін жасайды. Соңында балалар өздігінен көлшікті құрғатып, алып тастағандай болады. Көлшік туралы өлең жолдарын тауып, әрекет үстінде балаларға оқып беруге болады.

Балабақша маңынан өтіп бара жатқан адамдардың, балалардың жазғы киім киістерін бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттер: балалардың киім туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру; балалардың сөздік қорларын белсендіру (көйлек, сарафан, шұлық, баскиім т.б.); киім түстерін сенсорлық тұрғыда қабылдауын дамыту (Қуаныш сары майка киген, Айымның көйлегі қызыл)
"Көпіршік" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: балаларды шеңберге тұруға, оны кеңейтуге, содан кейін тарылтуға, олардың қимылын айтылған сөздермен үйлестіруге үйрету.
Үрлен, үрлен көпіршік,
Үлкен болып үрленші.
Үлкен болып үрлен де,
Жарылмашы, түрленші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет