Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет5/14
Дата05.06.2023
өлшемі31,74 Kb.
#98797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
"Әдемі есімдер" ойыны.
Мақсаты: зейінін, ерік-жігерін жұмылдыру; ырғақ сезімін дамыту.
Балалар шеңберге тұрады немесе отырады. Педагог бір баяулау темпте шапалақ ұрып, "бір, екі, үш, төрт" деп санап тұрады. Ал балалар үздіксіз ұрылған шапалақ дауысының ырғағына дәлдеп кезек-кезек өз есімдерін атайды. Ойын әр бала өз есімінің ырғағын өткізіп алмай, өз есімінің ырғағын дұрыс анықтап, тауып айтып отырған жағдайда ғана қызықты болып өтеді. Балалар дағдыланып қалған кезде, педагог ырғақты жылдамдата түседі. Әуелде шеңбер бойымен бір бағытта, сосын қарама қарсы бағыт бойынша жүріп ойнату. Шеңбердегі есімдердің барлығы аталып болған кезде ойын аяқталады. Ойынды мейлінше түрлендіруге болады. Есімдердің орнына бояуларды (қызыл, сары т.б.) немесе жануарлардың атауларын ататуға болады.

Білім беру ұйымының кестесі
бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтырудан ойын-жаттығу
"Сылдыр аққан су"
Мақсат-міндеттер: Балаларды екі жолақтың арасымен тура бағытта бір-бірінен соң тізбекте жүру іскерліктерін жетілдіру; жүру икемділігін дамыта отырып, дене және аяқ бұлшықеттерін дамыту; өзара достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу; балаларды жаттығу кезінде дәлдікке, оқу қызметіне белсенді қатысу қабілетіне тәрбиелеу.

Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу
"Жалқау мысық"
Мақсат-міндеттер: Балаларды ертегіні мазмұнынын түсініп, әрекеттердің дамуын қадағалауға үйрету; ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру; еңбексүйгіштікке, ұқыптылықты тәрбиелеу.

Қоршаған ортамен таныстырудан ойын-жаттығу
"Сиқыршы су"
Мақсат-міндеттер: Судың қасиеттері туралы түсініктерді бекіту: мөлдір, тұнық емес, түрлі-түсті; суық, ыстық, жылы болуы мүмкін; су сұйық , ағады, құйылады; суды әртүрлі түстермен қалай бояуға болатындығы туралы түсінік беру; сөздік қорын байыту, зейінін, есте сақтау қабілетін, тәжірибе жасау қабілетін дамыту; балалардың педагогты тыңдау қабілетін дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет