Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет2/14
Дата05.06.2023
өлшемі31,74 Kb.
#98797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
(сөйлеуді дамыту)


"Шарды қалқып ал" ойыны.
Мақсат-міндеттер: балалардың қосымша заттармен белгілі әрекеттер жасауға бейімдеу; ұсақ қол моторикасын, ұқыптылықты, ептілікті дамыту.
Сумен ойын әрекеттерін ұйымдастыру үшін поролон ысқыштар мен суқұйғыштарды, пластикалық шыныаяқтар, қақпақтар, стакандар, екі тегене, алжапқыштар, сүлгілер дайындау.
Кішкентай пластикалық шарларды су құйылған ыдысқа салып қояды. Балаға сабы бар сүзгі беріледі және шарларды сүзіп, қалқып алуды өтінеді. Балалар сүзіп алған шарларын қоятын екінші бос ыдысты дайындау.
(дене шынықтыру)

"Жаңбыр" жаттығуы.
Мақсат-міндеттер: сөздердің айтылу жылдамдығын ажырата білуге ​​үйрету, "тырс-тырс-тырс" деген сөздерді айтқызу, сонымен қатар әр түрлі қарқынмен: баяу, орташа, тез айтуға болады.
Төбеге тамшылар тамып жатыр. ("Тырс-тырс-тырс" деген дыбыстарды орташа ырғақта айтып, дыбыстайды.) Балалар қайталайды.
Жаңбыр жаңадан жауа басталған кезде оның тамшылары сирек тамып, басқаша тырсылдатады. ("Тырс-тырс-тырс" деген дыбыстарды баяу, созылыңқы ырғақта, кідірістермен айтып, дыбыстайды). Балалар қайталайды.
Егер жаңбыр қатты жауып тұрса, онда тамшылар төбені осылай қағып кетеді (тез қарқынмен айтылады).
Балалар айтылу жылдамдығын ажырата білуге ​​және осы дыбыстық тіркесті берілген қарқынмен айтуға үйренсе, педагог оларды жаңбырдың қандай болатынын құлақпен есту арқылы анықтауды ұсынады және "тырс-тырс" дыбысын әртүрлі қарқынмен айтқызады. 3-4 рет қайталанады.
Педагог балалардың зейінді болуын және дыбыс тіркесімін айту жылдамдығын құлақпен есту арқылы дәл анықтап, оны берілген қарқынмен дұрыс айтуын қадағалайды.

Тақпақ жаттау жаттығуы.
Мақсат-міндеттер: балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілетін, жағымды эмоцияларды дамыту.
Сылдыр - сылдыр - сылдыр су,
Су шүмектен ағып тұр.
Жарқылдайды, жылтырап,
Жуынуға бұйырат!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет