Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет1/14
Дата05.06.2023
өлшемі31,74 Kb.
#98797
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы)




Топ/сынып

Кіші топ

Тобы, топтың реттік саны, атауы




Балалардың жасы

2 жасар балалар

Педагогтің аты-жөні




Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

12.06. - 16.06.2023ж.

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Күн тәртібі
















Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен жазғы уақыттағы күн тәртібі мен киіндіру тәртібі туралы әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Табиғат бұрышындағы бақылау: табиғат бұрышындағы өсімдіктердің күн сәулесі түсетін жерде тұратындығына ; күн адамға ғана емес, өсімдіктерге де қажет екендігіне; өсімдіктердің жапырақтары күн сәулесінде жарқырайтынына назар аударту. Еңбекке баулу мақсатындағы тапсырма: жапырақтарды шүберекпен сүрту.
Мақсат-міндеттер: балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
(еңбек дағдылары)

Еңбекке баулу мақсатындағы тапсырмалар: "Біз дымқыл шүберекпен топ бөлмесіндегі және жатын бөлмесіндегі терезелердің алдарын сүртеміз".
Мақсат-міндеттер: балаларды сумен жұмыс кезінде келесі ережелерді сақтауға үйрету: жеңшелерді киіп, матаны сулап, құрғатып сығу, егер кір болса, оны сумен шаюға.
(еңбек дағдылары)

Еңбекке баулу мақсатындағы тапсырма: "Орындықтарды орындарына қоямыз".
Мақсат-міндеттер: еңбек дағдыларын дамытуды жалғастыру; тапсырманы тез, дәл орындау.
(еңбек дағдылары)

Еңбекке баулу мақсатындағы тапсырма: құмды бір жерге үйіп, құмсалғышқа апарып салғызу.
Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жүзеге асырумен таныстыру.
(еңбек дағдылары)

Еңбекке баулу мақсатындағы тапсырма: орындықтардың бетін дымқыл шүберекпен шаңнан сүрту.
Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттеріне баулу.
(еңбек дағдылары)

Тақпақ жаттау жаттығуы.
Мақсат-міндеттер: балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілетін, жағымды эмоцияларды дамыту.
Алақай, алақай,
Құймақ пісті балақай!
Терезеге қояйық,
Тезірек суытайық.
Торғайлар ұшып келді,
Құймақтан шоқып жеді.
Қатты қағып қанатты,
Бастарына қоныпты!
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


"Қалашық салу" ойыны.
Мақсат-міндеттер: арнайы "лего" немесе ағаш материалдарынан құрылыс бөлшектерінен қарапайым құрылыстарды қалауға баулу; ұсақ қол моторикасын, кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту.
"Лего" немесе ағаштан жасалған құрылыс ойыншықтары. Педагог өз үйін салуды ұсынады (өткен аптаның тақырыбын еске түсірейік) және оны ортақ құрылысқа біріктіру.
(құрастыру)

"Балабақшаға келе жатқанда мен не көрдім?" тақырыбындағы бақылау.
Мақсат-міндеттер: тақырып бойынша сөздік қорларын белсендіру.
Педагог балалардан балабақшаға келе жатқан жолдарында не көргендерін айтуды сұрайды (көп көліктер, балалар, автобустар, бағдаршам және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет