Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(мәдени-гигиеналық дағдылар)



бет4/14
Дата05.06.2023
өлшемі31,74 Kb.
#98797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
(мәдени-гигиеналық дағдылар)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

"Мен демалыс күндерімді қалай өткіздім".
Мақсаты: тақырып бойынша сөздік қорларын белсендіру (демалыс күндері, көңілді, тату, қызықты); қойылған сұрақтарға жауап беруге бейімдеу.

"Айналамыздағы су" тақырыбында әңгімелесу. Мақсаты: балаларды "су" жалпы түсінігімен таныстырып, Жер бетінде судың қандай күйлерде кездесетіні жайлы жалпы түсінік беру.
Әңгімелесу кезінде глобусты көрнекі құрал ретінде қолдануға болады. Балаға біздің ғаламшарымыз құрлықтан қарағанда, көп бөлігі судан тұратынын көрсету. Өзен - көлдердің суы тұщы, дәмсіз, ал теңіздердің суы тұзды болатынын түсіндіру.
Сондай-ақ, осы әңгіме кезінде балаға судың қайдан келетінін түсіндірген жөн.
Сумен тәжірибені көрсету: су мөлдір, дәмі жоқ, иісі жоқ; су боялады; су ағады, тамшылайды.
Құралдар: ыдысқақұйылған таза ас суы; молдір шыны ыдыстар; төсеніштер; түтікшелер, акварель бояуы; сүлгілер; шәйнек, қасық.

Таңғы сәлемдесу.
Мақсаты: балаларды жағымды көңіл-күйге бөленуге тарту; қоршаған объектілерге көңіл аудартып, жылы шыраймен қабылдауға тәрбиелеу.
Сәлем саған, Аспаным!
Сәлем саған, алтын Күн!
(Қолдарын көтеру)
Сәлем саған, туған Жер!
(Қолдарымен жоғарыда үлкен шеңбер салу)
Сәлем, бүкіл Жер шарым!
(Қолдарын кілемге баяу түсіру)
Сәлем, үлкен отбасым!
Сәлем берді балашың!
Төбелерінде үлкен шеңбер шығатындай етіп, барлық балалар қол ұстасып қолдарын жоғары көтереді.

Апта тақырыбы бойынша жұмбақ шешу.
Мақсаты: су туралы түсініктерін қалыптастыру; ойлау, елестету қабілеттерін дамыту.
Ағады, қайнайды,
Буланады, ойнайды.
Тіпті аспанға да ұшады,
Байқамасаң, төгіліп қалады.
Ұшып жүріп жалықса,
Жерге қайта жауады.
Әлемнің бар жерінде кездеседі,
Бұл не екенін кім біледі?
- Иә. Бұл су. Дұрыс айтасыңдар.
Құралдар: су, бу, жаңбыр, қар, өзен, теңіз салынған суреттер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет