Министрлiгi министерство образования и науки республики



Pdf көрінісі
бет1/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БIЛIМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  

МИНИСТРЛIГI 

МИНИСТЕРСТВО  ОБРАЗОВАНИЯ  И НАУКИ  РЕСПУБЛИКИ  

КАЗАХСТАН 

 

 



 

 

АЙМАҚТЫҚ ӘУЛЕМЕТТІК - ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

АКАДЕМИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ИНСТИТУТЫ 

 

 

РЕГИОНАЛЬНЫЙ СОЦИАЛЬНО- ИННОВАЦИОННЫЙ 



УНИВЕРСИТЕТ 

АКАДЕМИЧЕСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 



 

 

 

“БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНЫҢ 

 БҤГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ”   

атты Халықаралық ғылыми-практикалық  

конференциясының жинағы 

 

 



Сборник трудов международной научно- 

практической конференции  



“РЕАЛИИ И ПЕРСПЕКТИВЫ  РАЗВИТИЯ  

НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ” 

 

 



І ТОМ 

 

 



 

 

 

 

 

 

Шымкент, 2015  

 

УДК 001:37 



ББК 72 

       Б94 

 

“БІЛІМ  МЕН  ҒЫЛЫМНЫҢ  ДАМУЫНЫҢ  БҤГІНІ  МЕН  КЕЛЕШЕГІ” 

атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағы. І ТОМ  - 

Шымкент,  2015. – 240 бет. 

 

Сборник трудов Международной научно-практической конференции  



“РЕАЛИИ И ПЕРСПЕКТИВЫ  РАЗВИТИЯ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ” 

ТОМ І – Шымкент, 2015. – 240 стр. 



 

ҦЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫНЫҢ ҚҦРАМЫ  

СОСТАВ ОРГКОМИТЕТА  

 

Ж. К. Оңалбек 

 

тӛраға,  педагогика ғылымдарының докторы, 



профессор 

С.Р. Боранбаев 

 

тӛраға орынбасары, филология ғылымдарының 



докторы, профессор 

Е. И. Қыстаубаев 

 

тӛраға орынбасары, техника ғылымдарының 



кандидаты, доцент 

С. Ш. Тлеубаев 

 

философия ғылымдарының докторы, профессор 



А.Б. Кҥздеубаева 

 

педагогика ғылымдарының кандидаты 



Р. Т. Қожабекова   

 

филология  ғылымдарының кандидаты



конференцияның жауапты хатшысы 

Ш.Д.Болғанбаева 

 

әулеметтік ғылымдарының магистрі 



Ж.Е. Арыстанова   

 

педагогика ғылымдарының магистрі, конференция 



координаторы 

 

 «Білім  мен  ғылымның  дамуының  бҥгіні  мен  келешегі»  атты 



Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияның  еңбектер  жинағында 

педагогика,  психология,  экономика,  мәдениет  және  ӛнер,  әлеуметтану, 

саясаттану, дене тәрбиесі және спорт, математика, физика, техника, филология, 

тарих және философия салаларындағы ғылыми мақалалар қамтылған. 

Еңбектер  жинағы  ғылыми  қызметкерлерге,  магистранттарға,  колледж 

оқытушыларына,  мұғалімдерге,  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне 

арналған. 

УДК 001:37 

ББК 72 

 

ISBN 978-9965-07-641-1 



 

   Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 

                                              Академиялық инновациялық институты 


 

ҚҦРМЕТТІ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР! 



ҚАДІРМЕНДІ  ҚОНАҚТАР! 

 

«Білім мен ғылымның дамуының бүгіні мен келешегі» атты Халықаралық 

ғылыми-тәжірибелік конференцияны ашуға  рұқсат етіңіздер. 

ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан ӛзгерістер болашақ 

мамандар  даярлауда  жоғары  мектептің  алдына  жаңа  міндеттер    қойып  отыр. 

Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, 

жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, ӛзінше ғылыми тұжырым жасауға, 

олардың  қажетіне  қарай  ғылым  жетістігін  сұрыптауға,  студенттің  ӛзінің  іс 

әрекетінің  субъектісі  болуына  мүмкіндік  туғызу  -  кӛкейкесті  мәселе  болып 

табылады.  Ӛйткені,  тек  жоғары  білімді  маман  ғана  қоғам  мен  экономиканың, 

әлеуметтік және мәдени ӛркендеудің  кӛшбасшысы бола алады.  

Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол 

жеке  тұлғаны  қалыптастырады.  Заман  талабы  ӛзгерген  сайын  жоғары  оқу 

орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та ӛзгерді.  

Еліміздегі  жоғары  білімді  дамыту  стратегиясы  Қазақстан  Республикасы 

Конституциясының  қағидаларына,  Білім  туралы  заңға,  ел  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауына  негізделеді. 

Бұл  құжаттарға  сәйкес  Қазақстан  Республикасындағы  жоғары  білім 

мемлекеттің ұзақ мерзімдік бағдарламасы арқасында ерекше орын алады. ХХІ- 

ғасырдың  шынайы  кілті    жаһандану  білім  саласына  да  келіп  жетті.  Соның 

арқасында  әлемдік    экономиканың  интеграциялануы,  жаңа  ақпараттық 

технологиялардың  пайда  болуы  оның  пайдалану  ӛрісінің  кеңейгені  белгілі. 

Негізгі    мектептегі  білім  алу  ғылымның  іргетасы  және  мемлекет  дамуының 

алтын қазығы екені белгілі. 

Тәуелсіз  еліміздің  кезең-кезеңмен  атқарып  жатқан  білім  саласындағы іс-

шаралары  мемлекеттің  ӛре  мен  қуатының  ізденісін  аңғартады.  Жаhандану 

заманында  интеллектуалды  азамат    қалыптастыру,  қойылған  міндеттер 

бойынша  жастардың дүниетанымын ӛзгертіп, олардың жаңаша ойлау қабілетін 

арттыруға, білімге деген құштарлығын оятуға, Отансүйгіштік қасиетін одан әрі 

дамытуға  бағытталып  отыр,  бәсекеге  қабілетті  азаматтарды  даярлауға  ғана 

қатысты емес, оларды ел экономикасын, мәдениетін алға тартатын күш ретінде 

орнықтыруға да байланысты.  

Бүгінгі  басты  талап  -  білім  жүйесін  әлемдік  дамыған  инновациялық 

технологиялармен  жабдықтау,  білім  мен  ғылымның  халықаралық  стандартын 

меңгеру,  сапалы  білім  беруге  қол  жеткізу,  қоғам  сұранысына  жауап  беретін 

білікті маман даярлау болып табылады. 



 

Конференция жҧмысында шығармашылық сәттілік тілеймін

 

 

Конференцияны ҧйымдастыру алқасының тӛрағасы, п.ғ.д.,профессор  

Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлы  

 

 

ӘОЖ  159.923 



 

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҦЗІРЕТТІЛІГІНІҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӚРСЕТКІШТЕРІ  

 

Абдикаликова Б. Т., Нҧрмҧхамбетова Т.Р. 

Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университеті 

 

А.А.Ушаков, Л.М.Митина, Г.Ж. Ниязова, Б.Т.Кенжебеков т.б. ғалымдардың 



зерттеулерінде кәсіби құзіреттіліктің құрылымы мен кӛрсеткіштері анықталған. 

Білім  –  адамзаттың  терең  және  үйлесімді  дамуын  бекітетін  құралдардың  бірі, 

прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. 

Қазіргі білім беру үрдісі болашақ маманның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, 

олардың  кәсіби  шеберлігіне  бастама  болуға  кӛмектеседі,  әлеуметтік  ортада 

қарым-қатынас  жасау  жолдарын  меңгеріп,  ӛзін  шығармашылықпен  ӛзгертуге 

белсенділік  танытуға  ықпал  етіп  отырады.  Қазіргі  кезде  қоғам  кәсіби  білімі 

жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді 

маман болу үшін әрбір студент ӛз білімін үздіксіз кӛтеріп отыруы тиіс. 

Білімін  тұрақты  кӛтеріп отыру  –  педагогтардың құқықтары  әрі  міндеттері, 

білім  беру  жүйесінің  тұрақты  дамуының  кепілі  болып  табылады.  Болашақ 

маманның  кәсіби  құзіреттілігі  -  оның  жан-жақты  білімінен  ұстаздық 

шеберлігімен,  оқытудың  жаңа  әдістерін  меңгерумен  ӛлшенеді.  Маман 

қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым 

кең болмақ.  

Б.Т.Кенжебеков  жоғары  оқу  орнында  оқитын  студенттерінің  кәсіби 

құзыреттіліктерін  қалыптастыру  жӛніндегі  пікірін  «кәсіби  құзыреттілік  –  жеке 

тұлғаның  кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен 

қабілеттілігінің  бірлігі»,  —  деп  тұжырымдаған  [1].  Болашақ  маманның 

құзыреттілігі бойынша Б.Т.Кенжебековтың пікірін талдау арқылы, құзыреттілік 

жеке  тұлғаның  танымдық  әрекетке,  ойлау  арқылы  практикалық  әрекетін 

ұйымдастыруға, барлық мәселелерді шешуге теориялық білімдерін пайдалануға, 

іс-әрекеттерінің  барысын  және  нәтижесін  теориялық  білімімен  салыстырып 

талдауға қабілетінен, іс-әрекет барысында жіберген кемістіктерді анықтап, оны 

түзетудің  ұтымды  жолдарын  анықтау  жұмыстарынан,  оны  орындау 

барысындағы іскерлігінен кӛрініс беретінін анықтадық. 

 «Құзырлылық  –  тек  кәсіби  білімі  емес,  тұлғаның  жалпы  мәдениеті  мен 

шығармашылық қабілетін дамыту қабілеті» - деп түйіндейді  белгілі оқымысты 

Дж.Равен  [2].  Сондықтан  бүгінгі  ұстаз  тек  кәсіби  білімін  толықтырып  қана 

қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. 

Болашақ  маманның  кәсіби  құзыреттілігі  кәсіби  және  жеке  сапалардан 

құралады.  Кәсіби  құзыретті  маман  деп  ӛзінің  педагогикалық  әрекетін  жоғары 

дәрежеде  жүргізе  алатын,  қарым-қатынасқа  әрдайым  дайын,  педагогикалық 

үдерісте үнемі оң нәтижелерге қол жеткізіп отыратын маманды атауға болады. 

Осы  ғалымдардың  пікірлерін  басшылыққа  ала  отырып,  болашақ  мамандардың 

кәсіби 


құзыреттілігін 

студенттердің 

жеке 

тұлғалық 



психологиялық 

 

ерекшеліктеріне  байланысты  меңгерген  білімдері,  дағдылары  мен  біліктері, 



танымдық және тәжірибелік іскерлігі және оларды ӛмірде дұрыс қолдануы деп 

түсіндіре аламыз. 

Болашақ маман бәсекеге қабілетті, кәсіби оңтайлы маман болуы үшін оның 

бойында құзіреттілік кӛрсеткіштері қалыптасуы қажет. Болашақ маман, ортамен 

қарым-қатынасқа  тез  бейімделе  алатын,  ұйымдастырушылық  қабілеті  жоғары, 

тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана кәсіби құзыретті маман бола 

алады.  Сондықтан  кәсіби  құзіреттілікті  зерттеген  ғалымдардың  еңбектерін 

талдау  негізінде  болашақ  маманның  кәсіби  құзіреттілігінің  негізгі 

кӛрсеткіштерін келесідей анықтадық: 

-

 



қоғам  талабына  сай  ӛзін-ӛзі  үздіксіз  жетілдірeі,  кәсіби  білімділігі,  жаңа 

технологияларды меңгергендігі; 

-

 

меңгерген  білімдері  мен  дағдыларын  ӛз  тәжірибесінде  тиімді  пайдалана 



алатындығы; 

-

 



танымдық және тәжірибелік іскерлігі; 

-

 



тұлғааралық және кәсіби қарым-қатынасқа икемділігі; 

-

 



қызметтің 

эканомикалық, 

әлеуметтік, 

құқықтық, 

адамгершілік, 

психологиялық аспектілерін меңгергендігі

-

 

кәсіби қызметтігі жаңа жағдайға бейімделуге, жаңаны қабылдауға, кәсіби 



тапсырмаларды орындауға дайындығы; 

-

 



функционалдық сауаттылығы; 

-

 



тиімді шешім қабылдауға қабілеті. 

Осы кӛрсеткіштерге ие болу үшін болашақ маман психология, педагогика, 

тәрбие  теориясын,  педагогикалық  технологияларды,  құқықтық  нормаларды 

білуге  міндетті.  Олардың  ішінде  ең  қажеттілері  мемлекеттік  стандарттарды  ӛз 

іс-әрекетінің  ерекшеліктеріне  сәйкес  қолдана  алуы,  ӛз  жұмысында  басқару 

функцияларын  орындай  білу  (сыныпты,  оқу  үрдісін  басқару  т.б),  кәсіби 

мониторингтің нәтиделерін қолдана алуы, мемлекеттік және шетел тілін кәсіби 

деңгейіне сәйкес қолдануға даярлығы.  

Болашақ  маман  кәсіби  құзіреттілік  кӛрсеткіштерін  меңгеру  үшін  үнемі 

ізденіс  үстінде  бола  отырып,  оқытудың  жаңа  технологияларының 

мүмкіндіктерін  толық пайдаланып,  модульдік,  рейтингтік  жүйе, дамыта оқыту, 

сын  тұрғысынан  ойлау  технологияларының  әдіс-тәсілдерін  ӛз  қабілетін 

дамытуға  қолдануы  керек.  Сонымен  қатар  психологиялық–педагогикалық 

білімін  жетілдіріп,  сол  білімін  ӛзінің  тәжірибесінде  пайдалану  жолдарын 

меңгеруі керек.  

Құзіретті маман болу үшін кәсіби қызметте ұжыммен, топпен жұмыс жасап, 

олардың  іс-әрекеттерін  ұйымдастыру  және  басқару  жұмысын  жүргізуге, 

оқушылармен  және  әріптестерімен  қарым-қатнасың  мәдениетілік  талаптарына 

сәйкес жүргізуге қабілеті дамыған болуы керек.  

Құзіретті  маман  болу  үшін  кәсіби  білімі,  біліктілігі  білім  беру  мақсатын 

дұрыс анықтап, мазмұнын тиімді жоспарлап, оқыту әдіс-тәсілдерін оқу орнының 

мүмкіндіктерін  толық  пайдалана  алатындай  етіп  іріктеп,  іздену  жолында 

кӛптеген  әрекет  жасауы  шарт.  Барлық  орындаған  жұмыстарының  нәтижесін 

талдау,  қорытындылау  арқылы  кемістіктерін  анықтап,  оны  жою  жолдарын 



 

тауып,  ӛзінің  табысты  болуына  қызығушылығын  дамытып,  креативтілігін, 



ынталылығын  жоғарылатудың  педагогикалық  және  әлеуметтік  психологиялық 

негіздерін  қолдана  білу  қаблеті.  Болашақ  маман  құзіреттілікке  жету  үшін, 

Ф.Н.Гоноболиннің  айтқанындай,  кәсіби  қызметте  ӛзін-ӛзі  ұстауы,  сӛйлеуі, 

жүріс-тұрысы,  киім  киюі    жағына  да  кӛңіл  аударуы  керек.  Бұл  жағдай  да 

оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  жанама  әсер  етеді.  Оқушыларды 

сайлау,  олардың  құқығын  ар-  намысын  қорғау,  талаптарды  дұрыс  қоя  білудің 

мағынасы ӛте терең.  

Әдебиеттер  

1.Кенжебеков  Б.Т.  Профессиональная  компетентность  преподавателя  высшей 

школы. Астана: 2012. 

2.Равен  Дж.  Компетентность  в  современном  обществе:  выявление,  развитие  и 

реализация. М., 2002. 

3.Гоноболин  Ф.  Н.  Психологический  анализ  педагогических  способностей.  М: 

2002. 

Резюме 

В 

статье 

приведены 

психолого-педагогические 

показатели 

профессиональной компетентности будущего специалиста 

Summary 

In  the  article,  the  showing  psycho-pedagogical  indexes  of  the  professional 

competence of future professionals 

 

 



ӘОЖ  159.923 

 

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҦЗІРЕТТІЛІГІ ТҤСІНІГІ 



 

Абдикаликова Б.Т., Утебаева А.Т. 

Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университеті 

 

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси ӛзгерістер, республиканың 

әлемдік  деңгейде  білім  беру  жүйесіне  жетуде  жасаған  қадамдары  осы  кезге 

дейін  педагогика  теориясы  мен  практикасында  бекітілген  білім  беру 

парадигмаларын, жүйелерін, әдістерін, формаларын жетілдіруді талап етіп отыр. 

Мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  және  рухани  дамуының  мазмұны  мен 

сипаттарының  ӛзгеруіне  және  еңбек  сапасына  талаптың  жоғарылуына 

байланысты ӛз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды даярлауды қажет 

етеді. 

Болашақ маман кәсіби құзіретті болып, осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, 



жедел  ойлаушы,  жедел  шешім  қабылдаушы,  ұйымдастыру  жұмысына  ерекше 

қабілетті,  нақты  бағыт-бағдар  беруші  болып  шығуы  -  бұл  қазіргі  заманның 

талабы.  «Құзыреттілік»  түсінігі  білім  беру  саласында  1960-1970  жылдарда 

шетел  әдебиеттерінде,  ал  1980  жылдардың  соңында  отандық  ғалымдар 

еңбектерінде  орын  алды.  «Кәсіби  құзыреттілік»  жете  білушілік  ұғымын 

енгізудің  қажеттілігі  оның  мазмұнының  кеңдігі,  интегративтік  сипатымен 



 

түсіндіріледі.  Ӛйткені  құзіреттілік  деген  «кәсіптілік»,  «біліктілік»,  «кәсіби 



мүмкіндіктер»  және  т.б.  түсініктерді  біріктіріп,  жалпы  кәсіби  білімі  мен 

іскерлігінің жоғары деңгейде екенін белгілейді. А.А.Ушаковтың редакциясымен 

жарық  кӛрген  түсіндірме  сӛздіктің  авторлары  «құзыреттілік»  және  «құзырет» 

сӛздерінің 

арасындағы 

айырмашылықтарды 

дәлелдеуге 

тырысқан. 

«Құзыреттілік»  –  хабардар  болушылық,  абыройлылық;  «құзырет»  –  жеке 

тұлғаның  кәсіби  қасиеті  және  қызметтік  сипаттардың  нақты  жиынтығы,  деп 

түсіндірілген 

 

[1]. 



Ресей 

ғалымдары 

Н.В.Кузьмина, 

А.К.Маркова, 

В.А.Сластенин, 

Т.Ф.Лошакова 

т.б. 

ғалымдар 



педагогтардың 

кәсіби 


құзыреттілігін зерттеуге қызығушылықтың жоғары екенін атап ӛткен. 

Дегенмен құзіреттілікке анықтама беруде ауызбіршілік әлі орын алған жоқ. 

Оған  дәлел  ретінде  қазірге  дейін  қалыптасқан  бірнеше  анықтамаларды 

келтіреміз.  С.М.Вешниякованың  «Кәсіптік  білім  беру»  сӛздігінде:  «Кәсіби 

құзыреттілік  competenens  -  қабілетті,  белгілі  бір  саланың  тұлғаларының 

білімінің,  білігінің,  тәжірибесінің  сәйкестігінің  мӛлшері»,-  деген  анықтама 

берілген  [2].  Дж.  Равеннің  «Қазіргі  заманға  қоғамдағы  құзыреттілік»  атты 

еңбегінде  «кәсіби  құзыреттілік»  терминіне  жеке  тұлғаның  кӛп  қасиеттерін 

топтайтын ұғым деген анықтама беріледі [3]. 

 Д.И.УшаковЛ.М.Митина  «құзыреттілік»  ұғымына  «білім,  дағды,  білік, 

сонымен  қатар  практикада,  тілдесімде,  жеке  тұлғаның  ӛзін-ӛзі  дамытуда 

қолданатын тәсілдері»,- деген [4]. Г.Ж. Ниязова «құзыреттілік» ұғымына «Білім 

беру  құзырлары  -  бұл  студенттің  мағыналық  бағдарлары,  білімдері, 

біліктіліктері  мен  тұлғалық  және  әлеуметтік  іс-әрекетін  жүзеге  асыруына 

қажетті  нақты  анықталған  объектілер  шеңберіне  қатысты  тәжірибелерінің 

жиынтығы»,- деген анықтама береді [5]. Б.Т.Кенжебеков: «Құзыреттіліктің бар-

жоғын адам еңбегiнiң нәтижесiне қарап пайымдау кажет. Кез-келген қызметкер, 

ӛз әрекетiмен кәсiби iс-әрекеттiң түпкi нәтижесiне сай талаптарға жауап беретiн 

жұмыстарды  орындаса  ғана,  кәсiби  кұзыреттi  болып  саналады»-,  деп 

тұжырымдаған [6]. 

Құзіреттілікке  берген  анықтамаларды  талдау  барысында  олардың  басым 

кӛпшелегенде  бірінші  орынға  маманның  ақпаратты  сауаттылығын  емес,  оның 

мәселені  дұрыс  шеше  білу  қасиетін  қояды.  Болашақ  педагог  құзыреттілігін 

қарастырғанда  білім,  білік,  дағды  мүмкіншілігі,  педагогикалық  қызметке 

маманның  қаншалықты  дайын  екендігі  оның  құзіреттілігі  деп  айтуға  болады. 

Сондықтан, біз болашақ маманның кәсіби құзіреттілігі деп оның жеке тұлғалық 

сапалары  мен  оның  психологиялық-педагогикалық  және  теориялық  білімінің, 

кәсіби  біліктілігі  мен  дағдысының,  тәжірибесінің  бір  арнада  тоғысуы  деп 

анықтадық.  Болашақ  маман  ӛз  ісінің  шебері,  жақсы  мұғалім  болу  үшін 

мамандығына  қажетті  қабілеттерді  және  жалпы  әлемдік  мәдениетті,  ӛз  елінің 

мәдениетін,  қарым-қатынас  мәдениетін,  тіл  мәдениетін  игеріп,  интеграциялық 

үрдістерді  меңгеріп,  әлемдік  білім  кеңістігінің  ӛрісінен  шыға  алуға  талпынуы 

керек.  Ӛйткені,  мұғалім  қоғам  талабына  сай  ӛзін-ӛзі  үздіксіз  жетілдіріп 

отыратын, ортамен, адамдармен, балалармен, қарым-қатынасқа тез түсе алатын, 

ұйымдастырушылық  қабілеті  жоғары,  білімі  терең,  біліктілігі  жоғары, 

тәжірибесі  мол  және  т.б.  қасиеттерді  жинақтағанда  ғана  оның  бойынан  кәсіби 



 

құзыреттілігі  анық  байқалып  тұрады.  Кәсіби  құзыретті  маман  жеке 



шығармашылық  қабілетін  ұдайы  дамытып,  педагогикалық  инновацияларды 

дұрыс  қабылдап,  күнделікті  ӛзгеріп  жататын  педагогикалық  ортаға  тез 

бейімделуі керек. 

Ғалымдар  жоғары  оқу  орнын  бітірушілердің  құзыреттілігінің  құрылысын 

жалпы  кәсіби  құзыреттілік,  арнайы  кәсіби  құзыреттілік  деп  бӛліп  саралайды. 

Жалпы кәсіби құзыреттілік студенттің жалпы кәсіптік білімі, дағдысы, қабілеті 

мен  мамандығы  бойынша  қызмет  атқаруға  дайындығы  арқылы  анықталады. 

Сонымен бірге құзыреттіліктің бұл түріне студенттің ғылыми-зерттеу, басқару-

ұйымдастыру  жұмыстарына  қабілеттідігін  де  жатқызады.  Арнайы  кәсіби 

құзыреттілік  бітірушінің  белгілі  бір  мамандық  бойынша  кәсіби  қызметті 

атқарудағы  дайындығы  мен  оған  ұмтылуы  арқылы  айқындалады.  Кәсіби 

құзыреттілікті 

коммуникативтік, 

ақпараттық, 

регулятивтік 

және 


интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырады. 

Педагогтың  коммуникативтік  құзыреттілігі  –  кәсіби  интегративтік  қасиет. 

Оның 

негізгі 


бӛліктеріне 

эмоционалдық 

тұрақтылық 

(икемділікпен 

байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті 

кӛрсетеді);  тікелей  және  қайтарымды  байланысты  ұштастыру  мүмкіншілігі; 

тілдік  білімі;  тыңдай  білу  қабілеті;  марапаттай  білуі;  сыпайылылық;  жалпы 

қабілеті  жатады.  Коммуникативтік  құзыреттілік  –  біріншіден,  жеке  тұлғаның 

дамуы  мен  ӛзіндік  дамуы  процесіндегі  мұғалімнің  жеке  тұлғалық  қасиеті; 

екіншіден,  ұстаздың  педагогикалық  қарым-қатынастық  мақсаты,  түйіні, 

құрылымы,  құралы,  ерекшелігі  туралы  хабардарлығының  кӛрсеткіші;  қажетті 

технологиялық  деңгейін  меңгеруі;  маманның  жеке  психологиялық  сапасы; 

коммуникативтік  іс-әрекетін  әрдайым  жетілдіріп  тұруға  тырысуы;  негізгі 

құндылық  ретінде  жеке  адамның  тұлғасына  бейімделе  білу,  ―бағдар  ету‖, 

сонымен  қатар  педагогикалық  қарым-қатынас  кезінде  туындайтын  міндеттерге 

шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті. 

Ақпараттық  құзыреттілік  ӛзі  туралы  оқушылар  мен  олардың  ата-

аналарының,  басқа  ұстаздардың  жұмыс  тәжірибесі  жӛнінде  ақпаратты  білу 

мӛлшерін қамтиды. 

Регулятивтік  құзыреттілік  оқытушының  ӛз  іс-әрекетін  басқара  білу 

мүмкіншілігін білдіреді. Оған мақсаттылық, жоспарлау, тұрақты белсенділік пен 

ӛзін  кӛрсете  білуі,  рефлексия,  іс-әрекетінің  бағасы  енеді.  Іс-әрекеттің  негізгі 

факторы – ізгілік, құндылық болып табылады. 

Интеллектуалды-педагогикалық  құзыреттілікті  талдау  арқылы  оның 

құрылымыы  ретінде  жалпылау,  салыстыру,  қорытындылау,  нақтылау  сияқты 

қарастыра  білудің  кешені,  аналогия,  қиял,  ойлау  қабілетінің  икемділігі  мен 

сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға болады.  

Болашақ  маман  дайындау  мәселесі  оның  тұлғалық  сапалары  мен 

қасиеттерін  қалыптастырудың  мазмұнын  кӛрсетеді.  Тұлғалық-бағдарлық 

бағытта  білім  беру  нәтижесі  білім,  біліктілік  және  дағды  жүйесінде, 

шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесіне  және  эмоционалды  кӛңіл-күйді  кӛрсете 

білуге,  ерікті 

қарым-қатынасқа  педагогикалық  бейімделген  тұлғаны 

қалыптастыру ретінде түсіндіріледі. 



 

Құзыреттілікті  қалыптастыру  деген  болашақ  маманның  -  қазіргі 



студенттердің,  шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып  олардың  ойлауы, 

интеллектуалдық  белсенділігі  жоғары  деңгейде  дамыған,  жаңаны  тез  түсініп 

меңгеретін, білімнің жетіспеушілігін сезініп ізденуге бағытталған болуы.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет