Имплантатты қолдануға көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер


Салыстырмалы жергілікті қарсы көрсеткіштер



бет2/2
Дата24.03.2023
өлшемі18,31 Kb.
#76010
1   2
Салыстырмалы жергілікті қарсы көрсеткіштер:
Созылмалы қабыну аурулардың өршулері
(периодонтит,периостит) және жақсүйектерде,жұмсақ
тіндердегі жедел қабыну аурулары (абсцесс,
флегмона және т.б.);
Гингивиттер,стоматиттер, тонзилиттер,гаймориттер
Патологиялық тістем;
Самай төменгі жақ буыны аурулары (артрит, артроз,
дисфункциялар);
Ауыз қуысы гигиенасының төмен болуы.


Имплантацияны жүргізгендегі негізгі талаптар.
1. Имплантатты тісті жұлғаннан кейін 9-12 айдан кейін жасау керек.
2. Ағзада созылмалы инфекция ошағы болмауы керек.
3. Имплантаттарды қолданған кезде тістердің және ауыз қуысының
санациясы және жақсы гигиенасы болуы шарт.
4. Ауыз қуысында минимальды түрде басқа металдардың болуы және
басқада сүйектердің болмауы.
5. Зақымдалған тіс аймағында барынша сақталған сүйек тінін қолдану
6. Имплантанттың түрі және оның құрылуы протездеу, анатомиялық
шарттарымен және антогонис-тіс жағдайлармен анықталуы қажет.
7. Имплантат қоршаған тіндерді зақымдамауы тиіс.
8. Имплантацияны дайындау және операцияны жүргізу барысында
әртүрлі металдарды қолдануға болмайды.


Дентальді имплантацияда қолданылатын биосәйкесті материалдар
Биоактивті материалдар-ионды алмасуға және сүйек
матриксі метаболизміне қатысатын және сүйек тінімен
оның регенерация процесінде жартылай немесе толық
алмасатын материалдарды айтады.Олардың ерекшелігі
уақыт өте сорылып(деградацияланып), сүйек тінімен
алмасуында.
Кальций-фосфатты материалдар(трикальцийфосфат
және гидроксилапатит);
Шыныкерамика(ситалл түрлері).
Биоинертті материалдар-сүйек матриксімен физикохимиялық байланысты қамтамасыз етуі мүмкін, бірақ
сүйек тіні метаболизміне қатыспайды.
Аллюминий оксидті керамика
Көміртек
Титан және оның қорытпалары
Цирконий.
Биотолерантты материалдар-өзінің бетіндегі
белоктарды адсорбциялауды қамтамасыз ете алатын,
бірақ остеокондуктивті қасиеттері жоқ материалдар.
Тот баспайтын болат
Кобальт хром қорытпасы.
Пациентті зерттеудің жүйесі
.
Анамнез жинау
Қарау барысында ауыз қуысының шырышты қабаттарының жағдайына,
тістерінің жағдайына, альвелярлы өсіндінің атрофиясы, дәрежесіне,
тістеу және протездерінің болу мүмкіндігін анықтаймыз.
Палпацияда альвеолярлы өсіндінің биіктігіне және жолына назар
аударамыз.
Зондтың көмегі арқылы және резеңкелік кружокпен альвеолярлы
өсіндінің үстінде шырышты-сүйекүсті қабаттың қалыңдығын орнатады.
Сүйек құрылымының бүтіндігін және жоғарғы қуыстың, алмұрт тәрізді
тесіктің және төменгі жақ каналының топографо-анатомиялық
ерекшеліктерін айқындайтын рентгендік зерттеулер жүргізеді.
Жалпы қабылданған клиникалық және лабораторлы операция алдылық
зерттеулер жүргізеді.
Имплантаттың және протездің құрылымын таңдау
Имплантатты және протезді таңтаған кезде келесі
жағдайларды ескеру қажет.
Тісжақ жүйесінің жағдайы
Тіс қатарының бұзылу көлемі
Альвеолярлы өсіндінің атрофия дәрежесі
Тістеу және тіс қатарының бұзылұ биіктігі
Альвеолярлы өсіндінің сүйектік құрылымының бүтіндігі, жоғарғыжақ
синусының орналасуы, алмұрт тәрізді тесіктің және төменгіжақ каналы
рентген суреті бойынша
Ауыз қуысында тістердің, қызыл иектің және шырышты қабаттың
жағдайы.
Тіс-антогонистерінің жағдайы /табиғи, жасанды/
Бар протездердің сапасы, гальванизмнің пайда болуы, протездің және
импланттардың металл түрі.
Ауыз қуысының гигиеналық жағдайы
Имплантацияның біршама оң нәтижелері , антогонистері жасанды тістер
болғанда, әсіресе жоғарғы жаққа имплантат орнатқаннан кейін жетеді.
Осы тістердің жағдайын бағалай отырып, шайнау беттерінің сыдырылуы
кезінде импланттаттарға күш түспеуі керек, сонымен қатар бүйір және
медиальды жақтарында ескерген жөн.
Сапасы қанағаттанарлық емес барлық протездерді қайта
өңдейді.амальгалы пломбаларды міндетті түрде композитті немесе
құйылған қаптамаға ауыстырады. Ауызда барынша минимальды әртүрлі
металдар болуы керек, имплантаттарды және протездерді жасағанда да.
Бірнеше имплантат түрін қолдану қажет жағдайда соның ішінде литья
әдісімен жасалған КХС дан, ЭИ, СИ қолданады.
Тіс протездерін гальванизация көрінісі және әртүрлі потенциялдар
болмағанда қалдырады. Тіс протездерін дайындағанда тотбаспайтын
металды қолданады.
Протез конструкциясы тіс тазалауға кедергі болмауы қажет.
Имплантация конструкциясы және олардың
дайындалуына қажет металдар.
Қазіргі уақытта имплантат дайындауға титан, титанды
және хромокобальтты сплав (КХС), барынша
биотолерантты және тәжрибеде өзін жақсы жағынан
көрсеткен металдар қолданады. Имплантаттарды
сонымен қатар пластмассадан, керамикадан және осы
материалдардың қоспасынан да дайындайды.
Конструкцияның көп бөлігі эндодонто-эндооссальды,
эндооссальды, субпериостальды имплантат
конструцияларынан жасалады. Дентальды имплантация жасау әдістемесі
Имплантация операциясын жергілікті сирек жағдайда жалпы жансыздандырумен
жүргізеді. Жергікті анестезиямен операцияны орындағанда премедикация үлкен
роль атқарады. 40 мин алдында бұлшықет ішіне промедол, атропин, реланиум
немесе седуксен енгізеді.
Жалпы наркоз жүйке жүйесі лабилді науқастарға, сонымен қатар 4 имплантаттан
көп енгізетін жағдайда және операция ұзақтығы 3 сағаттан көп болса көрсетілген.
Операцияға бір күн қалғанда науқасқа антибиотик, сульфаниламид препараттарын
тағайындайды.
Науқас операцияға бір сағат қалғанда тісін тазалап, тілдің арқасынан щетка және
тіс пастасының көмегімен жабындыны алып тастауы қажет.
Операциядан кейін 2-3 сағатқа беттің операция жасалған аймағына мұз, көрсеткіш
бойынша анальгетик, кейінгі 5 күнде антибиотиктер, сульфаниламидтерді
тағайындайды. Операциядан кейінгі бірінші күні науқасты имплантат басының
аймағында қан ұйындыларын тазалау үшін және жарақат тазалығын жүргізу
дәрігер қарауы қажет; тісті тазалап, сонымен қатар күніне 15-20 рет
антибиотиктердің әлсіз ерітіндісімен шаюы керек. Әрі қарай қарау күнара
жүргізіледі, жараны 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен өңделеді, ал тігіс
жолағына бриллиант көгінің сулы ерітіндісін жағады. Тігісті 7-8 күннен кейін
алады. Имплантат басын міндетті түрде тіс щеткасы және пастасымен тазалап тұру
қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет