Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Топтық менеджмент. Лидерлік, билік және ықпал ету теориялары



бет7/17
Дата24.06.2023
өлшемі161 Kb.
#103293
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Топтық менеджмент. Лидерлік, билік және ықпал ету теориялары.

Басқару стилінің түсінігі, түрлері, және оның құрылу факторлары. Басқарудың автократиялық, демократиялық және либералдық стильдері. Лайкерт бойынша адамға бағытталған басқарудың төрт стилі. Адам мен жұмысқа жинақталған басқару стильдердің екі өлшемде түсіндірілуі. Р. Блэйк пен Д. Мутонның басқару торына сәйкес басқару стильдерінің мінездемесі.
Қанағаттық және өндірістік стильдер. Тиімді басқаруға бағытталған ситуациялық әдіс. Фидлердің басқарудың ситуациялық моделі. Митчел мен Хаустың «жол-мақсат» әдісі. П. Херси мен К. Бланчардтың өмірлік цикл теориясы. Врум-Йеттоның басшының шешім қабылдау моделі. Басшының және қызметкердің жеке тұлғасы. Ерекшеліктері. Қол астындағы жұмысшылардың қабілет деңгейі: ынтасы және біліктілігі. Нарықтық қатынастар жағдайындағы менеджердің имиджі.



  1. Персоналды басқару. Еңбек ақысын төлеу және еңбекке ынталандыру.

Персоналды басқару методологиясы. Ұйымдағы персоналды басқару жүйесі. Персоналды басқару мәні және мәселелері. Кадрлық саясат түсінігі. Ұйымдағы кадрлық саясатты әзірлеу және жүргізу. Басқару кадрларын әзірлеу. Персоналды таңдау және орналастыру. Персоналды қолдану. Еңбектік потенциалды рационалды қолдану. Персоналды құру, үйрету және дамыту. Қызметкерлердің еңбектік мәнсабын жоспарлау. Ұйымдастырушылық құрылым негізінде персоналды басқару. Ұйымдастырушылық құрылымның өзгеруі. Басқару деңгейіндегі мәселелер. Басшылықтың персоналды әсер етуі. Корпоративтик мәдениет персоналды басқару әдісі ретінде. Корпорация мәдениетіне әсер ететін факторлар. Корпорация мәдениеті ұйымдастырушылық құрылым мен кадрлық саясатта жүзеге асатын құндылық ретінде. Корпоративтік мәдениетті жобалау. Еңбекті стимулдау және ақысын төлеу. Еңбекақыны төлеудің түрлері және деңгейі.


11 Менеджер этикасы және ұйымдастырушылық мәдениеті.
Басқару қызметінің этикасы және мәдениеті. Ұйымдастырудың әлеуметтік мәдени тәсілі. Ұйымдастырушылық мәдениет ғылымының пайда болуы, эволюциясы және тәжірибесі. Ұйымдастырушылық мәдениет түсінігі және оның ұйымдастырушылық құбылыспен байланысы. Ұйымдастырушылық мәдениет және корпоративтік мәдениет түсінігі: ұқсастықтары және айырмашылықтары. Ұйымдастырушылық мәдениет ұйымның дамуына қажетті жағдай ретінде. Ұйымдастырушылық мәдениеттің негізіг компоненттері мен элементтері. Ұйымдастырушылық мәдениетті зерттеудегі жүйелік әдіс. Ұйымдастырушылық мәдениеттің типологиясы. «Билік», « жеке тұлға», «тапсырма», «роль» мәдениеті (С. Ханди). «Мәдени карталар» ұйымы (Г. Хофштеде). У. Оучидің «Z» теориясы. «Тәуекел» және «кері байланыс» түсініктерінің қатысы негізінде ұйымдастырушылық мәдениеттің класификациясы (Т.Е.Дейл, А.А. Кеннеди.). Интеграция және ұйымдастырушылық (корпоративтік) мәдениеттің нақты типінің құрылуына жүргізілетін бақылаудың әсер ету деңгейі. Ұйымдастырушылық мәдениеттің нарықтық, бюрократиялық және мүддесі бір адамдардың топтық типтері. Ұйымдастырушылық мәдениеттің басқару қызметінің құрылуындағы ұйымның қызмет етуіне әсер ету принциптері. Басқару стилі мен басқару мәдениетінің өзара байланысы. Ұйымдастыру мәдениетіне әсер ететін факторлар. Ұйымдастыру мәдениеті жоғарғы сапалы іскерлік этиканың көрсеткіші ретінде. Менеджер қызметіндегі этикалық нормалары мен принциптері. Қызметкер жұмысын мойындау. Әдепті мінез-құлық үшін сыйақы беру. Әдепсіз мінез-құлық үшін жаза қолдану. Этикалық шешімдерді қабылдау моделі. Жемқорлықпен күрес және ар намысын сақтау. Бедел мен заңдарды, нормаларды ескеру. Іскерлік мінез-құлық кодексі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет