Дәріс 12. Қазақстан Республикалық мемлекеттік мұрағат құжаттары



бет1/5
Дата07.05.2023
өлшемі27,05 Kb.
#90817
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Д ріс 12. аза стан Республикалы мемлекеттік м ра ат жаттары


Дәріс 12. Қазақстан Республикалық мемлекеттік мұрағат құжаттары



  1. Мұрағат туралы түсінік.

  2. Революцияға дейінгі Қазақстандағы мұрағат ісі.

  3. Кеңестік мұрағат жүйесінің қалыптасуы.

  4. Мұрағат мекемелерінің жұмысының негізгі бағыттары.

  5. Республикалық мемлекеттік мұрағаттардың жүйесі.

  6. Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісі.



Мұрағат дегеніміз – архив. Ал «Архив» – грек сөзі. Оның мағынасы «ескі» деген ұғымды білдіреді. Түрлі халықтар тілдерінің сөздіктерін қарай отырып, «архив» сөзі оларда өз тілдеріндегі баламалармен жарыса қолданылатынын байқауға болады. Қазақ тіліндегі «мұрағат» атауы 1970 жылдарда баспасөзде қолданыла бастады. Ал, 1990-жылдардан бастап ол «архив» сөзінің баламасы ретінде «архив» сөзімен қабаттаса кеңінен қолданылып жүр. «Мұрағат» сөзі «тарихи мұра, мәдени мәні бар зат» немесе мұраны сақтау мағынасында тіліміздің сөз түзеу заңдылығына сәйкес жасалған. Бір сөзбен айтқанда, «мұрағат» атауын қолдану барлық тілдерге тән әр халықтың тіл байлығын барынша пайдалану терминологиялық принципіне қайшы келмейді.
Мұрағаттар бұл жеке өзіндік мекеме болып табылады. Мұрағаттарда құжаттық материалдар, баспасөз материалдары, дерек құжаттары, мемелекеттік мекемелердің іс-қағаздары сақталады. Мұрағаттың міндеті жалпы қоғамның ақпараттық талабына жауап беру. Басты міндет ұлттық бағалық құндылықтарды сақтау, тарихи сана ретінде қалыптастыру болып табылады.
Құжаттар ең аса маңызды ақпарат көзі болып есептеледі. Құжаттық материалдар қайталанбайтын ерекше болып келеді. Мұрағат, ол өмірдің бар саласын қамтитын мекемелер мен жеке адамның құжаттарын сақтап, тіркеп, қабылдайтын ғылыми зерттеуші мекеме болып саналады. Сақтау бірлігі дегеніміз ол, құжаттың түрі немесе тағы бір белгісі бойынша жеке нөмірмен белгіленген сақтауға алынған құжат.
Іс деп, бір фактіге немесе объектінің бір тақырып, мазмұны бойынша жинақталған құжаттар аталады. Іс басты «инициативалық» құжатпен ашылады, ал соңында «аяқталу» құжатымен жабылады. Іс, бірнеше құжаттан тұрады, олар хронологиялық кезеңділікте құрастырылады.
«Кіріс» құжаттардын келген уақытын белгілейді, ал «шығыс құжаттары», қашан құрастырылған уақытын белгілейді. Істің бастаңқы және соңғы уақыты құжыттын шеткі мерзімі деп аталады. Ол бір күнді немесе бірнеше жылдарды қамтуы мүмкін.
Мұрағат қоры дегеніміз – мемлекетпен сақтауға алынған, бірнеше жылдар бойы құрастырылған құжаттардын кешені \ мекемелердін құжатары, жеке адамның өмірлік құжаттары, т.б. Мұрағат қорлары мекемелерде белгіленген жылдар бойы жинақталады, тура солай жанүялық құжаттар да, міне, сол құжаттарды жинақтағанда фонд құрастырушы деп аталады. Мұрағат мекемесі осы фондтарды арнайы тізіммен алып сақтауға, зерттеуге алады. Мұрағат көлемі, сақтауда тұрған сақтау бірліктерімен есептеледі, ол бір сақтау бірлігінен, бірнеше жүз , мың бірлікке жетуі мүмкін.
Мұрағат коллекциясы дегеніміз, тақырыптық, практикалық немесе мәдени тарихи маңыздылығына сай бір комплекске біріккен құжаттар жатады, олар фонд сыртында жинақталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет